Yestate Logo

Жаңаөзен қаласында БЦС диагнозы бар балаларға арналған оңалту орталығы жұмысын қайта бастады

YouTube
987 просмотров
1 ноября 2016 г.1:57
2016 жылдың 17-қазанында «Дені сау балалар» қайырымдылық жобасы аясында Жаңаөзен қаласында әлеуметтік маңызы бар мекемелердің бірі, яғни БЦС диагнозы қойылған балалармен жұмыс жасайтын «Жұлдызай» медициналық оңалту орталығы есігін ашты. Орталықтың жұмысы «Дені сау балалар» жобасының бас серіктесі «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қолдауының арқасында зор мүмкіндікке ие болды. Бұл жобаның әкімшісі «BI Жұлдызай» КҚ. Балаларды оңалту Қазақстандағы өткір мәселелердің бірі, дегенмен нәтижелі жұмыстар да атқарылуда. Жоба аясында орталықтар Астана қаласында ашылды, жақында Атырауда тәжірибе игерілді, енді орталық өзінің жұмысын Жаңаөзенде бастауда. Медициналық оңалту орталығының жұмысын қайта бастауын БЦС диагнозы бар 300-ге жуық баланың ата-аналары ықыласпен күткен. Мәліметтер бойынша, 2015 жылдың 15 қаңтарында медициналық орталық есебінде 99 бала тұрды, ал соңғы мәліметтер бойынша есепте - 266 бала. Тек 2015 жылда «Жұлдызай» орталығында ортопедпен - 222 балаға, невропатологпен - 233 балаға, логопедпен - 109 балаға кеңес берілді. Нәтижесінде 2015 жылда Жаңаөзенде үздік дәрігерлермен 5 ота жасалды, соның ішінде балалар ортопеді литвалық Кестутис Санюкас бар. Оңалту процесі 21 күн алады, «Дені сау балалар» жобасы аясында БЦС диагнозы бар 132 бала курстан өтеді деп жоспарлануда. Жаңаөзенде оңалту орталығын іске қосу аясында «Қасиетті Жол» қоры БЦС диагнозы қойылған балаларды оңалту бойынша әлеуметтік қызметкерлер үшін оқыту семинарын өткізді. Семинар танымал реабилитолог Айнур Нурхожаеваның жетекшілігімен өткізілген. Іс-шараның мақсаты – реабилитология саласындағы қазақстандық мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру. Нәтижесінде бұл нейро-ортопедиялық аурулары бар балаларға көрсетілетін оңалту қызметінің сапасын жақсартады. «Жұлдызай» оңалту орталығы БЦС, эпилепсия диагнозы қойылған балаларға көмек көрсететін Жаңаөзендегі жалғыз медициналық орталық болып табылады. Рахмет Отесинов атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде орналасқан оңалту орталығының аумағы 200 ш.м-ді қамтиды. Орталықта емдік дене шынықтырумен айналысу үшін кең жабдықталған зал орналасқан, сондай-ақ мамандармен емдік жұмыстарын жүргізу үшін арналған арнайы невролог, ортопед, эпилептолог, емдік дене шынықтыру дәрігері, массаж жасаушы және нейрофизиологтың бөлмелері бар. «Жұлдызай» медициналық орталығында емдік дене шынықтыру және массаж емдік шаралары тегін тұрақты негізде жүргізіледі.

Комментарии (0)

Загрузка комментариев...